Көлік министрі Марат Қарабаев техникалық байқаудың алдын ала нәтижесін жарялады.

Биыл алты айдың ішінде 1 миллион 800 мың көлік құралдары техникалық байқаудан өтті. Сол кезде 23 мыңнан астам көлік техникалық жарамсыз болып танылған.

Бірақ бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Себебі жалған техникалық байқау тыйылатын емес.

"Бұл ретте парламент сенатының қарауындағы заң жобасы шеңберінде жалған техникалық байқау жұмыстарын жүргізуді болдырмау үшін техникалық байқау операторларының рұқсат қағаздарынан айыру және айыппұл мөлшерін 10 айлық есептік көрсеткіштен 100-ге дейін ұлғайту қарастырылған", – деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, осы шаралар техникалық байқаудан өту кезіндегі заң бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жалпы 950 техникалық байқау операторлары жұмыс істейді.