Microsoft компаниясының барлық өнімдерінде қазақ тіліндегі кез келген мәтінді ер немесе әйел адамның дауысымен тыңдауға болады. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қазақ тіліндегі визуалды сөздік іске қосылды. Бұл туралы "Таным" креативті технологиялар орталығының жетекшісі Нартай Әшім хабарлады.

"Екі дауыс та өте сапалы жасанды интеллект көмегімен жүзеге асырылады. Microsoft компаниясының барлық өнімінде Immersive Reading Tool деген керемет функция бар. Инклюзивті білім беруге бағытталған керемет сервис. Дауысты сәйкесінше жылдам не баяу тыңдауға болады", – деді Нартай Әшім.


Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект деген не және оның адамзатқа қаупі қандай?


Мұнымен қатар, ол дислексия, дисграфия мәселесі бар оқушыларға арналған мәтін оқу мүмкіндіктері бар екенін хабарлады.

Loading...

Бұл қызметті іске қосу үшін кез келген MS Office, Edge браузерінде View – Immersive Reading Tool қызметін таңдау қажет.