Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілетінін мәлімдеді. 

"Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап", – деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, ол мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі енгізілетінін атап өтті. 


Оқи отырыңыз: Елге әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бір жолғы 250 мың теңгелік жарна енгізіледі


"Мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет. Осының бәрін жүзеге асыру үшін "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң қабылдануға тиіс", – деді президент.