Мемлекет басшысы мүгедектердің құқықтары туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", – делінген хабарламада.