29 жастағы алматылық тұрғын Валерий Меладзенің концертіне жоқ билеттерді жарнама сайтында сатқан. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, 50 Cent және Akon әртістерінің жақында гастрольдік сапарлары кезінде осындай алаяқтық жасағанын мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"Шын мәнінде оның қолында билет болмаған. Ол билеттер бар екендігі туралы хабарландырулар іліп, оның ақысын толық алып, ұялы телефонын өшіріп, байланысын тоқтатып отырған.  Тіпті концерттен кейін де бірнеше билет сатып үлгерген", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің киберполиция бөлімінің бастығы Игорь Пудовкин.


Оқи отырыңыз: Депутаттар алаяқтардың жарнамасын жариялайтын әлеуметтік желі топтарын бұғаттауды сұрады