Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Nur.kz порталына берген сұхбатында мектептегі дене шынықтыру сабағын азайтуға қатысты пікір білдірді. 

"Мұндай ұсыныстар бар. Ол мектептерде спорт залының жетіспеуімен байланысты. Сабақ уақыты бар, ал спорт залы жоқ. Тіпті, спорт және гимнастика залдары бар жаңа мектептердің өзінде бұл мәселе өзекті", – деді Асхат Аймағамбетов.

Десе де, министр бір аптадағы үшінші дене шынықтыру сабағын алып тастауға қарсы екенін айтты.


Оқи отырыңыз: 


"Көп жағдайда бір спорт залда бір уақытта 5 сынып оқушылары қатар жаттығады. Бірақ, көптеген баланың көп қозғалмайтын өмір салтын ұстанатынын ескере отырып, олардың ең болмаса осы сабақта жүгіргені маңызды. Менің ұстанымым – дене шынықтыру сабағының үшінші сағатын алып тастауға болмайды. Қазіргі таңда мұндай жоспар жоқ. Керісінше балаларды спортқа баули түсу қажет", – деп түсіндірді министр.