Polisia.kz Түркістан облысының Төлеби ауданында мектепке мұғалім болып жұмысқа тұрғызамын деген желеумен алаяқтық жасаған ер адам ұсталғанын хабарлады.

Төлеби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі арыз түсірген. Оның айтуынша, танысы мектепке мұғалім ретінде жұмысқа кіргізіп беретінін айтып, сендірген.

Бұл қызметі үшін жәбірленушіден өткен жылы 600 мың теңге алған.

Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған ер азамат полицейлерге жүгінді. Аталған жайтты төлебилік полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркеді.

Төлеби аудандық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды анықтады. Тексеру кезінде ұсталған ер азаматтың жұмыссыз екені белгілі болды. Яғни, күдікті жәбірленушіге жалған уәде беріп, алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр.


Оқи отырыңыз: