Мәдениет және ақпарат министрлігі кинотеатрға шығып жатқан фильмдердің мазмұнын арттыру мақсатында фильмдерді прокаттау, яғни кинотеатрға шығару тәртібіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. 

Енді фильмнің авторлары туындысын кинотеатрда көрсету үшін арнайы комиссиясың мақұлдауын алуы қажет болады. 

"Кинематография саласындағы уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы фильмдерді прокаттау куәлігін алар алдында олардың қарауын ұйымдастырады. Кинотеатрға шығатын фильмдерді көру кинематография саласындағы уәкілетті органның жанынан құрылған, уәкілетті органның, ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдерінен тұратын комиссиямен жүзеге асырылады", – деп жазылған құжат жобасында.

Бұл құжат Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған. 


Оқи отырыңыз: Режиссер Дәрежан Өмірбаев: Жеке кино институтының болмауы – ауру