Биыл ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бірінші болып Марқакөл қорығында қар жауды, деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті. 

Loading...

Екі күн бойы тоқтамай жапалақтаған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жеткен. 

Марқакөл қорығы көркіне көз тоймайтын табиғатымен ерекше. Мұнда жануарлардың 60-қа жуық, құстардың 250-ден аса түрі мекендейді.

Еске салсақ, еліміз бойынша Марқакөлде ғана кездесетін Майқан балығына ерекше көңіл бөлінеді.


Оқи отырыңыз: Бидайық құсы араға 30 жыл салып Алматы қорығына қайта оралды