Бидайық құсы Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағына 30 жылдан соң қайта оралды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
Ғалымдар Қызыл кітапқа енген құсты Алматы қорығының аумағынан алғаш 1987 жылы кездестірген. Артынша қорықтан оның ұясы табылған болатын. Бұл – әлем бойынша табылған бидайықтың үшінші ұясы.
"Орнитологтар 1993 жылға дейін бидайықты зерттеді. Өкінішке орай, 1994 жылдан бастап бидайық қорық аумағында кездеспеді. Араға 29 жыл салып бидайықтың Есік шатқалын мекендейтіні анықталып, ғалымдар зерттеуді жалғастырды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Алтын-Емелде" Қызыл кітапқа енген жыланжегіш қыранның балапаны фототұзаққа түсті
Жуырда қорық инспекторлары Есік шатқалында бидайықтың тағы бір жұбын суретке түсіріп алды.