Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Қызылордада қозғалысқа шектеу қойылды
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы қазіргі жағдай туралы мәлімет таратты. Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар облыста барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 332–632 шақырым аралығында, яғни Бейнеу елді мекенінен Шетпеге дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылды.
Ақтөбе облысында екі бірдей бағытта шектеу енгізілді. Атап айтқанда:
- "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 0–234 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965–1240 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысының шекарасы).
Қостанай облысында "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 234–385 шақырым аралығында, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка елді мекеніне дейін қозғалыс шектелді.
Қызылорда облысында "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240–1362 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін көлік қозғалысы тоқтатылды.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді жолға шығар алдында ауа райы болжамын және жол жағдайын алдын ала тексеруге шақырады.