Майқайыңдағы апат: Араға 7 ай салып үшінші құтқарушының денесі табылды
Марқұмның денесін зақымдап алмау үшін техниканың көмегінсіз 10 сағатқа жуық қолмен қазып алды.Павлодар облысының маңында тазарту кеңістігіне құлаған автобус жолаушысының денесі табылды. Бұл туралы "Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаев хабарлады.
Бүгін, 19 шілдеде құтқарушылар взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденовтің денесін тапты.
"Ол таңертең 05:30 шамасында табылды. Біз іздеуді күн шыққаннан бастаймыз. 13:30-ға дейін денені бүтін етіп шығарып алды. Эскалатор денені зақымдауы мүмкін. Кейін полиция келіп, барлық процедура басталды. Ертең біз іздеуді жалғастырамыз. Бүгін денені шығарып жатқанда барлығы моральдық күйзеліске ұшырады", – деді Қайролла Жүрсінбаев Informburo.kz тілшісіне.
Ол қайтыс болған төртінші құтқарушының денесі жақын арада табылатынына үміт білдірді.
Оқи отырыңыз: "Қазаның орнын ешқандай өтемақы толтыра алмайды". "АрселорМиттал Теміртау" шахтадағы апат туралы мәлімдеме жасады
Еске салсақ, 4 қаңтар күні Павлодар облысындағы "Майқайың" алтын кенішінде ішінде адамдар бар автобус жер астына түсіп кетті. Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.
Құтқарушылар топырақтың жиі қозғалуына байланысты іздестіру жұмыстарын тоқтатқан болатын.