Маймыл шешегіне қарсы вакцина салдыру міндетті бола ма?
82 елде 17 мыңнан астам адам маймыл шешегін жұқтырған.Қазір әлемде маймыл шешегі өршуде. 82 елде 17 мыңнан астам жағдай тіркелген. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, барлық халыққа вакцина салудың қажеті жоқ. Тек осал топтарға салуға болады, деп мәлімдеді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Бас санитарлық дәрігер осал топқа қандай адамдар санаты кіретінін атап өтті.
"Оған медицианалық қызметкерлер, оның шінде осы маймыл шешегімен ауырып жатқан науқастарға ем беретін қызметкерлер мен сол науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдар кіреді. Сонымен қатар үйде науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға маймыл шешегіне қарсы вакцина салуға болады", – деді Айжан Есмағамбетова.
Айта кету керек, қазіргі таңда маймыл шешегіне қарсы арнайы вакцина жоқ.
"Табиғи шешекке арналған вакцина маймыл шешегінен де қорғайды деп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айтты", – деп қосты Айжан Есмағамбетова.
Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакциналар маймыл шешегінен қорғай ала ма?