Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар магистратураның кешенді тестілеуінің шет тілі бойынша сынағынан босатылады, деп хабарлайды ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі. 

Ағылшын тілі:

  • IELTS Academic – кемінде 6,0;          
  • TOEFL IBT – кемінде 60;      
  • TOEFL PBT – кемінде 498.       

Неміс тілі:

  • DSH – Niveau С1/C1 деңгейі;  
  • TestDaF-Prufung – NiveauC1/ C1 деңгейі.       

Француз тілі:

  • TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес;
  • DELF – B2 деңгейі;
  • DALF – C1 деңгейі;
  • TCF  – кемінде 50 балл.

Оқи отырыңыз: Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде 2 жылға ашу керек


"КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілейсіз. Сертификаттары бар тұлғаларға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі", – делінген хабарламада.