Ұлттық тестілеу орталығы азаматтың шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар балын кешенді тестілеу бойынша шет тілінен тест нәтижелеріне ауыстыру шкаласын ұсынды.

Ұлттық тестілеу орталығының facebook парақшасы

Еске салайық, биылдан бастап төменде аталған халықаралық сертификаты бар магистратураға үміткерлер шет тілінен тест тапсырудан босатылады:

  • ағылшын тілі: IELTS Academic; TOEFL IBT;
  • неміс тілі: DSH, TestDaF-Prufung;
  • француз тілі: TFI, DELF, DALF, TCF.

Оқи отырыңыз: Новая шкала: как будут конвертировать результаты IELTS и TOEFL в баллы на ЕНТ


"Кешенді тестілеуге тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілеу қажет. Конвертация грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін өтініш берілгеннен кейін жүзеге асырылады", – делінген ҰТО хабарламасында.