Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталып, мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. 

Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Грант иегерлері тізімі төменде:

Loading...

"Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды", – делінген министрлік хабарламасында. 

Грант конкурсының қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланды. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 2023 жылғы 28 тамызға дейін жалғасады.


Оқи отырыңыз: Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімін қайдан көруге болады?