Тікелей эфир

Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімін қайдан көруге болады

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бүгін жарияланатынын хабарлады. Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды.

"Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.

Грант конкурсының қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады.


Оқи отырыңыз: Магистратураның грант конкурсына құжат қабылдау басталды.


 

Серіктестер жаңалықтары