Mad Men тобының мүшелері есірткі дайындап, оны сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық соты.

Сот отырысы кезінде прокурор қылмыстық топ басшысын 18 жылға, ал қалған қатысушыларын 17 жылдан 17,5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот үкімімен Х. есімді азамат қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етіп, аса ірі көлемде психотроптық заттардың баламасын заңсыз әзірлеп, сақтағаны және оларды электронды ақпарат ресурстары арқылы сатқаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған үш күдіктінің біреуі 15 жыл 3 айға, қалған екеуі 16 жылдан бас бостандығынан айырылды", – делінген сот хабарламасында.  


Оқи отырыңыз: Қарағандыда полицейлер есірткі өндіру және сатумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі


Сот үкім шығарарда күдіктілердің жасы мен бұрын сотталмағанын ескерді. Мұнымен қатар, С. есімді азамат өз кінәсін мойындағандықтан, оның жазасы жеңілдетілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.