Тікелей эфир

Қарағандыда полицейлер есірткі өндіру және сатумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Есірткі зертханалары Қазақстанның бес облысында және ТМД-ның басқа елдерінде жұмыс істеген.

Қарағандыда полицейлер есірткі өндіру және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес Департаментінің көмегімен еліміздің бес облысының аумағында жұмыс істейтін бес есірткі зертханасын құруға қатысы бар 10-нан астам адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысқан адамдарды ұстау үшін Қарағанды облысының полиция департаментінде арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

"Есірткі зертханаларын ұйымдастырушылар Қазақстаннан тыс жерде бола тұра Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің аумағында психотроптық заттарды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны анықталды. Есірткі бизнесінің басшылары Қазақстан аумағында жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлімшесін Telegram және Signal арқылы басқарумен және үйлестірумен айналысқан", – деді полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.


Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында 805 дана киік мүйізін алып бара жатқан браконьерлер ұсталды


Полиция анықтағандай, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың кураторлары психотроптық заттарды шетелден Қазақстанға сұйық күйде жеткізу арнасын ұйымдастырып, оларды автомобиль майлары мен қосалқы бөлшектер, алкогольді ішімдіктер түрінде жеткізген. Сондай-ақ, тұрмыстық заттар ішінде, май радиаторларында және өрт сөндіргіштердің арасында жасырып тасымалдапты. Олар есірткіні логистикалық фирмалар арқылы тасымалдаған.

Құрғақ және сұйық түрінде алынған синтетикалық есірткілердің жалпы саны 70 келіден астам дайын затты және 3,5 тоннадан астам прекурсорларды құрады. Қазір трансұлттық ұйымдасқан топты ұйымдастыру және басшылық ету фактісі бойынша ҚР ҚК 264-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары