2026 жылғы 28 қаңтар күні Лондон қаласындағы Emirates Stadium стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында "Арсенал" мен алматылық "Қайрат" командалары кездеседі.

Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Қазақстан уақытымен ойын 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де өтеді. Бұл кездесу "Қайрат" клубы үшін ғана емес, жалпы қазақстандық футбол тарихы үшін де маңызды әрі тарихи оқиға болмақ.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қонақ жанкүйерлерге арналған секторға билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатылып жатыр. Билет бағасы 36 мың теңгеден басталады. 

Ескерту: сатып алынған билеттер қайтарылмайды. 

Айта кетейік, "Арсенал" – Еуропаның ең танымал клубтарының бірі.