Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы және облыс мәслихатының шешімінің жобасына сәйкес, өңірдің бірқатар елді мекенінің атауы өзгереді. 

Атап айтқанда: 

  • Павлодар қаласының Ленин кенті Атамекен кенті; 
  • Железин ауданының Озерное ауылдық округі Майлы ауылдық округі, ал Озерное ауылы Майлы ауылы;
  • Тереңкөл ауданының Бобровка ауылдық округі Жаңабет ауылдық округі;
  • Федоровка ауылдық округі Томарлы ауылдық округі, ал Федоровка ауылы Томарлы ауылы;
  • Верненка ауылдық округі Алтай ауылдық округі, ал Львовка ауылы Алтай ауылы;
  • Воскресенка ауылдық округі Әулиеағаш ауылдық округі, ал Воскресенка ауылы Әулиеағаш ауылы;
  • Березовка ауылы Аққайың ауылы;
  • Трофимовка ауылы Қоржынкөл ауылы болып қайта аталады. 

"Жобаның мақсаты – Ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауды қайтару", – делінген Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Ақжайық, Алтай, Қызылжар, Баянауыл. Ұлытау әкімі бірқатар облыс атауын өзгертуді ұсынды


Құжатты жария талқылау мерзімі – 20 желтоқсанға дейін.