Ленин – Атамекен: Павлодар облысының бірқатар елді мекені қазақшаланады

Қайта атауға байланысты шығындар жергілікті атқарушы органдардың есебінен өтеледі.

Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы және облыс мәслихатының шешімінің жобасына сәйкес, өңірдің бірқатар елді мекенінің атауы өзгереді. 

Атап айтқанда: 

  • Павлодар қаласының Ленин кенті Атамекен кенті; 
  • Железин ауданының Озерное ауылдық округі Майлы ауылдық округі, ал Озерное ауылы Майлы ауылы;
  • Тереңкөл ауданының Бобровка ауылдық округі Жаңабет ауылдық округі;
  • Федоровка ауылдық округі Томарлы ауылдық округі, ал Федоровка ауылы Томарлы ауылы;
  • Верненка ауылдық округі Алтай ауылдық округі, ал Львовка ауылы Алтай ауылы;
  • Воскресенка ауылдық округі Әулиеағаш ауылдық округі, ал Воскресенка ауылы Әулиеағаш ауылы;
  • Березовка ауылы Аққайың ауылы;
  • Трофимовка ауылы Қоржынкөл ауылы болып қайта аталады. 

"Жобаның мақсаты – Ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауды қайтару", – делінген Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Ақжайық, Алтай, Қызылжар, Баянауыл. Ұлытау әкімі бірқатар облыс атауын өзгертуді ұсынды


Құжатты жария талқылау мерзімі – 20 желтоқсанға дейін. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз