Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынуда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазды.

Іс-шаралар жоспарына:

  • жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
  • "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;
  • "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, "Педагог-бала-ата-ана" бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;
  • Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай "Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу" тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;

Оқи отырыңыз: Робот дәрігер, наноспутник және Qmeta. Қазақстан оқушылары әзірлеген 7 стартап.


  • оқушылар арасында "Өнегелі өмір" тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;
  • оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп "Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;
  • "Әкеге – ізет, анаға – құрмет" тақырыбында "Жас ақындар айтысы" байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.