Күнбағыс майы – 796, айран – 412 теңге. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады
Дегенмен азық-түлік тауарлараның бағасы жылдық мәнде 8,4 пайызға өсті.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1 пайызға төмендеді, ал жылдық мәнде 8,4 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауардың орташа бағасы /2023 жылғы 18 шілде/:
- күнбағыс майы – 796 тг/л;
- айран– 412 тг/л;
- пияз – 193 тг/кг.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.