Мерекенің қалай аталып өтетіндігі туралы протоиерей Дмитрий Байдек ӨКҚ-дегі брифингте айтты.

"Крещение" мерекесі Успен кафедралық соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Констатино-Елена шіркеуінде (Республика даңғылы,12) және Серафим Саровский шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) өтеді.

"Суға шомылу рәсімін орындау үшін 18 қаңтар күні сағат 19.00-де Республика даңғылы, 12 мекенжайында орналасқан Константин-Еленин соборынан Республика даңғылы арқылы әрі қарай Ғұмар Қараш көшесі бойымен қалалық жағажайға дейін Крест жорығы (жаяу колонна) өтеді", – деп жазылған хабарламада.

Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, "Астаналық" саябағының жағалау аймағында (орталық жағажайдың жанында) орнатылған.


Оқи отырыңыз: Мереке күнтізбесі: 2024 жылы қазақстандықтар қосымша 11 күн демалады


Суға шомылатын орындар 18 қаңтар күні сағат 20.00-ден бастап суды тазартқаннан кейін 19 қаңтар сағат 02:00-ге дейін қол жетімді болады.

Жаппай шомылу 19 қаңтар күні де сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.