Костенко шахтасындағы апат: жерленген азаматтардың есімі жарияланды
Тағы бір кенші іздестіріліп жатыр."АрселорМиттал Теміртау" бүгін, 30 қазан, күні жерленген кеншілердің есімін жариялады.
- Адампаев Ерболат Мұратұлы;
- Әбілов Айбек Нұрғалиұлы;
- Әлиақпаров Қуандық Серікұлы;
- Бобряшов Сергей Владимирұлы;
- Богатырёв Илья Константинұлы;
- Жанзақов Айзат Айханұлы;
- Крайнов Олег Викторұлы;
- Крикунов Павел Александрұлы;
- Қадыров Ринат Мубаракзянұлы;
- Магиев Жанболат Темірғалиұлы;
- Мұсабеков Әсет Қанатұлы;
- Петренко Владимир Ильяұлы;
- Шотаев Аманкелді Мейрамұлы;
- Шулевский Михаил Леонидұлы.
28 қазан күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" компаниямен инвестициялық серіктестікті тоқтатуды тапсырды.
Мемлекет басшысы 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.
45 жұмысшы қаза тапты, тағы біреуі іздестіріліп жатыр.
ТЖМ бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан өндіру учаскелері ауданында жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.