Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында "республикалық рефе­рен­думда қабылданған Консти­ту­ция қайта жазылмайды немесе то­лық­тырылмайды деген кепілдік бар ма?" деген сауалға жауап берді. 

"Жаңа Конституцияға сәйкес кез келген өзгерісті, мейлі ол елеусіз ғана болса да, тек қана референдум арқылы тікелей халық енгізе алады. Бұл – Негізгі заңның жиі өзгермейтініне кепілдік. Енді Конституция шын мәнінде халыққа тиесілі, оның мызғымастығы депутаттардың немесе жекелеген саяси топтардың емес, азаматтардың қалауы бойынша қамтамасыз етілген. Бұл кемел, жауапты қоғамға қарай жасалған маңызды қадам және "Мем­лекеттің тағдыры халықпен бірге ғана шешіледі" деген Президент қағида­сының конституциялық деңгейде бекігендігінің көрінісі", – деді Ерлан Қошанов. 

Оның айтуынша, бұдан былай азаматтарымыз референдумға қатысу арқылы қабылданған шешімдердің жауапкершілігін терең сезінетін болады.

"Қазірдің өзінде біздің қоғам референдум өткізуге байыппен қарайты­нын көріп отырмыз. Референдумды әдеттен тыс, ерекше оқиға ретінде қабылдамайтын болдық. Бұл дұрыс та. Билікке деген сенім мен белсенді азаматтық ұстаным осылай қалыпта­са­тынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр", – деді мәжіліс төрағасы.