Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында "республикалық референдумда қабылданған Конституция қайта жазылмайды немесе толықтырылмайды деген кепілдік бар ма?" деген сауалға жауап берді.
"Жаңа Конституцияға сәйкес кез келген өзгерісті, мейлі ол елеусіз ғана болса да, тек қана референдум арқылы тікелей халық енгізе алады. Бұл – Негізгі заңның жиі өзгермейтініне кепілдік. Енді Конституция шын мәнінде халыққа тиесілі, оның мызғымастығы депутаттардың немесе жекелеген саяси топтардың емес, азаматтардың қалауы бойынша қамтамасыз етілген. Бұл кемел, жауапты қоғамға қарай жасалған маңызды қадам және "Мемлекеттің тағдыры халықпен бірге ғана шешіледі" деген Президент қағидасының конституциялық деңгейде бекігендігінің көрінісі", – деді Ерлан Қошанов.
Оның айтуынша, бұдан былай азаматтарымыз референдумға қатысу арқылы қабылданған шешімдердің жауапкершілігін терең сезінетін болады.
"Қазірдің өзінде біздің қоғам референдум өткізуге байыппен қарайтынын көріп отырмыз. Референдумды әдеттен тыс, ерекше оқиға ретінде қабылдамайтын болдық. Бұл дұрыс та. Билікке деген сенім мен белсенді азаматтық ұстаным осылай қалыптасатынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр", – деді мәжіліс төрағасы.
USD:
479.7 / 482.5
EUR:
553.0 / 558.0
RUB:
5.61 / 5.81

