Колумбияда екі күннің ішінде екі теракт болып, 18 адамның өмірі қиылды
Колумбияда екі күннің ішінде екі теракт болып, 18 адамның өмірі қиылды. Ондаған тұрғын жараланып, ел ішінде дүрбелең туындады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Билік бұл шабуылдарға "Мордиско" деген атпен танымал есірткі картелін айыптап отыр. Қаскөйлер жүк көлігін аузы мұрнына дейін жарылғыш затпен толтырып, халық көп жүретін Кали қаласындағы көшелердің біріне қалдырып кеткен екен. Қатты дүмпуден темір тұлпар маңынан өтіп бара жатқан алты тұрғын ажал құшты.
Зардап шеккендердің саны 60-тан асады. Осы қайғылы оқиғадан кейін қалада әскери жағдай енгізілді. Өткен кеткен көліктердің бәрі тексеріліп жатыр. Әскери тікұшақ апатқа ұшырады.
Есірткі өндіруге арналған коко жапырақтарының плантациясын жоймақ болған әуе кемесіне дронмен соққы жасалған. Борттағы 12 офицердің бәрі мерт болды.