Көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына жаңа утиль алым мөлшерлемесі белгілі болды
Утиль алымының мөлшерлемесі 50% төмендейді.Көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына утиль алымының мөлшерлемесі 50% төмендейді, деп мәлімдеді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.
"Барлық автокөлік түрі мен ауыл шаруашылығы техникасына утиль алымының мөлшерлемесін 50 пайызға дейін төмендеттік. Сондай-ақ, қаңтар айында "Жасыл даму" шотына аударылған 200 млрд теңгені халықтың мүддесіне жұмсау туралы шешім қабыладық", – деді Роман Скляр.
100 млрд теңге автонесиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалады. Сонымен қатар, ол 30 млрд теңгені елдегі автобус парктерін жаңартуға бағыттау туралы шешім қабылданғанын айтты.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жеңіл көлік бағасы қандай жағдайда екі есеге дейін арзандайды?