KMG PetroChem Leadership жобасын кеңейтуде: диалогқа елдің жетекші ЖОО студенттері қосылды
Іс-шара KMG PetroChem ЖШС бастамасымен ұйымдастырылып, оның қатысушылары еліміздің үш жетекші жоғары оқу орны – Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), Satbayev University және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мұнай-газ химиясы саласының басшылығы өкілдері мен сарапшылары болды.
Leadership жобасы – Қазақстанның мұнай-газ химия саласы үшін кадрлық резервті жасақтауға бағытталған KMG PetroChem бастамасы. Жобаның басты мақсаты – студенттердің индустрия өкілдерімен тікелей өзара әрекеттесуіне арналған платформа құру, мамандарға қойылатын талаптар, мансаптық мүмкіндіктер және кәсіпорындарда жұмыс істеудің практикалық аспектілері туралы ақпарат беру.
Жоба аясында KMG PetroChem-тің негізгі жобалары, соның ішінде салынып жатқан полиэтилен өндіретін зауыт пен Атырау облысындағы газды бөлу кешені үшін кадрлар дайындауға ерекше назар аударылады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан металлургиясының алғашқы қарлығашында 3 миллионшы тонна ферроқорытпа балқытылды
"Қазақстандағы мұнай-газ химиясы саласы қазір концептуалдық кезеңнен өтіп, кең ауқымды іске асыру сатысына көшіп жатыр. Бүгінгі таңда бұл сала ел ішінде кәсіби болашақты құруға дайын және сала дамуына үлес қосуға ұмтылатын кәсіби дайындалған, амбициясы мықты мамандарға қатты мұқтаж. ҚБТУ, Satbayev University және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ секілді жоғары техникалық білім берудің флагмандарымен ынтымақтастық бізге жас таланттарды оқыту кезеңінде-ақ анықтап, тартуға, ғылыми әзірлемелерді өндірістік процестерге интеграциялауға және саланың жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді," – деп атап өтті KMG PetroChem ЖШС басқарма төрағасы Игорь Ильин.
Кездесу барысында KMG PetroChem мен үш университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Келісімдер білім беру бағдарламалары бойынша бірлескен жұмысты, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді, тәжірибе алмасуды және компания қызметкерлерінің әрі университет оқытушыларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
"Университет үшін жай ғана білім беру алаңы болып қана қоймай, индустрияның толыққанды серіктесі болу маңызды. Leadership сияқты бастамалар студенттерге кәсіби ортада жақсы бейімделіп, өз саласындағы нақты процестерді түсіне отырып, мансап құруға көмектесетініне біз сенеміз. Бұл бастама елдің экономикалық өсу драйверлерінің біріне айналып келеді", – деді ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин.
Диалог алаңы аясында ҚБТУ түлегі, қазіргі таңда KMG PetroChem басқарма төрағасы Игорь Ильин және компанияның техникалық сарапшысы Нұрлан Кейкин студенттермен өз тәжірибесін бөлісті. Олар өз сөзін мұнай-газ химиясы саласындағы мансаптық мүмкіндіктер мен даму перспективаларына арнады.
Шынайы өндірістік жағдайларды талқылау мен студенттердің сұрақтарына жауаптар қарастырылған ашық диалог форматы кездесуге практикалық бағыт беріп, оны қатысушылар үшін мазмұнды әрі құнды етті.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жыл сайын жүз жұмысшысының үйлі болуына көмектеседі
Leadership жобасы тұрақты негізде өткізіліп, өзінің географиясын кеңейтіп, елдің негізгі аймақтарын қамтитын болады. Бұл шара мұнайгаз-химия саласы үшін тұрақты кадрлық әлеуетті қалыптастыруды мақсат етеді.
Анықтама:
KMG PetroChem ЖШС – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның 100 пайыздық еншілес кәсіпорны. Компания КМГ тобының аясында мұнай-газ химиясы саласындағы газды бөлу кешені, полиэтилен, карбамид өндіру, ПЭТФ, сондай-ақ басқа да перспективалы бастамалар сияқты негізгі жобаларды жүзеге асырады және үйлестіреді.