Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
Биыл төрт айда тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен бірінен астамы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты болған.Биыл қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 302 тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Өңірлер бойынша тұрмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Павлодар облысында жасалған.
"Одан кейін Алматы облысы (30) және Астана (27), Қостанай (26 ) қаласы мен Қарағанды (23 ) облыстары тұр. Ең аз көрсеткіш Алматы қаласында, сондай-ақ Абай және Маңғыстау облыстарында тіркелген", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Tozbe қосымшасы қыздар мен әйелдерді зорлықтан қалай қорғайды?
Биыл төрт айда тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен бірінен астамы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты болған.
"Сондай-ақ қасақана денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру бойынша құқық бұзушылық бір жылда 10,7 пайызға азайған. Жиі кездесетін тұрмыстық құқық бұзушылықтардың қатарында кісі өлтіру (33 іс), абайсызда денсаулыққа зиян келтіру (9 іс), зорлау (7 іс) және ұсақ ұрлық (7 іс) бар", – делінген хабарламада.