Ризабек Ожаров Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының сайты хабарлады.

"Ризабек Ожаров 1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған. 2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған", – деп жазылған хабарламада.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда сегіз облыстың прокуроры тағайындалды