Бұл тағайындауға дейін Ризабек Ожаров Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеу қызметін басқарған.
Ризабек Ожаров Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының сайты хабарлады.
"Ризабек Ожаров 1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған. 2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған", – деп жазылған хабарламада.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда сегіз облыстың прокуроры тағайындалды
USD:
503.5 / 509.5
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63