Қытай қазақтары қойдың иммунитетін қалай көтереді?
Олар биылғы науқандаясында жарты миллионнан астам қойды "дәрілік ваннаға" түсірді.ҚХР Шыңжаң өлкесінің Моңғұлкүре ауданында жыл сайынғы малға екпе салу және оларды "дәрілік ваннаға" түсіру науқаны өтті. Бұл шара күзде мал аурулары өршитіндіктен, олардың қыстан аман шығуы үшін жасалады, деп хабарлады Kaz.people онлайн халық газеті.
"Дәрілік ваннаға" биыл 500 мыңнан астам қой түскен. Бұл үшін арнайы алып "ванна" әзірленіп, ол дәріленген соң қойларды малтып өткізген.
Басылымның жазуынша, дәрілік ванна мал бойындағы паразиттерді жойып, қышыма ауруының алдын алдын алады. Сондай-ақ, бұл шараның қойдың дене тазалығына, дұрыс өсіп-жетілуіне де пайдасы бар. "Дәрілік ванна" саулық қойлардың төлдеуін арттырып, қозылардың жетілу көрсеткішін жақсартады.
Оқи отырыңыз:
- Камриден қымбат қошқар. Гиссар тұқымы Қазақстанның қой шаруашылығын дамыта ма?
- Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар