Қой – береке
Қазақ, атасөзді мағыналық қасиетіне мән берумен айтқан. "Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы олның көл-көсір" дегенді естімеген қазақ сірә, жоқ болар. Кезеңіне қарай кей мақалды түрлендіріп қолданады. Мәселен, Кеңес үкіметі кезеңінде жастарды мал шаруашылығына баулу мақсатында: "Доп ойнаған тозар, қой баққан озар" деген мақалды жиі қолдандық.
Естеріңізде болса, қой шаруашылығымен айналысатын совхоздарда сан болмады десек, артық айтпаған болармыз. Өзім де қой совхозында балалық шағымды өткіздім. Совхоз негізінен қаракөл қой өсіретін.
Ерте көктемде жаңа туылған қозының терісін сыпырып, Шымкент қаласындағы елтірі зауытқа өткізіп жататын. Ауылдағылар көбіне күнделікті тамаққа жеуге деп жайдары қойды "қазақы қой" деп қорада байлайтын. Құйрығы тегенеден асып түсетін жайдары қойдың етінің дәмі де бөлек болатын.
Қой құйрығының қасиеті
Айтқым келгені, қой құйрығының алуан түрлі қасиеті жайында. Әр нәрсені еске түсірерлік түртпе оқиға болып жатады. Оразаның он бесінші күнінде тосыннан жауған жауынның астында көйлекшең қалып, суықтап қалдым.
Тамағым бітеліп, жөтел қысты. Ине шаншытып, ауық-ауық ыстық шәй ішкенге оразамды бұзуға қимадым. Тек, сәре мен ауыз ашқаннан соң ғана дәрі ішіп, ем-дом жасап қаламын. Күндіз өңешім құрғап, жөтел қысып, әбігерге түсем.
Ораза бұзбай қысылтаяңнан қалай шығудың жолын іздегенімде, бала күнімде апамның ем-домға қолданатын құйрық май есіме сап етіп түсті. Қазір бар жерде ауа-райы, әсіресе Оңтүстікте ауысты. Қысы жанға жайлы, жұмсақ. Менің бала күнімде Созақ өңірінің қысы қаһарлы -40 градусқа дейін жететін.
Әкем жылқы бақты
Жайылымдағы жылқыны түгендеудің алдында апам әкемнің екі бетіне, атүстінде отырып, үсіп кетпес үшін екі тізесіне шылқыта құйрық май жағатын. Сол кезеңде қыс аязынан қорғану мақсатында ауылдағылар түгелдей осы тәсілді қолданатын.
Суықтап ауыра қалсақ, дереу құйрық майды жылытып ашқарынға жұтқызып, соңынан ыстық сүт ішкізеді. Құйрық маймен арқамызды шылап, қалың орап тастайтын. Өңешің жұмсап, жаның рақаттанып, ұйықтап кеткеніңді байқамай қаласың. Оянғанда аттай шауып кететінбіз.
Жан қысылғанда апамның тәсілі ойыма түсіп тоңазытқышты ашсам, құйрық майдан аз қалыпты. Дереу базарға барып қой құйрығын сатып әкеліп, әдемілеп күйдірдім. Жатар алдын күйдірілген майды жылы күйінде бір қасық ұрттап, соңынан ыстық сүт іштім. Алқымыма, арқама, екі табаныма құйрық майды шылап жаттым.
Түнімен шылқи терлеп, таңертең өңешім жұмсап ояндым. Ішке түскен құйрық май қолқаны жібітті, қақырықты қиналмай тастайсың. Жаныңды қинаған жөтелден жеңілдеп, рақатқа бөленесің. Құйрық майдың иісінен қашудың қажеті жоқ. Таңертең душ қабылдасаңыз, түк көрмегендей боп шыға келесіз.
Анам дастарқаннан құйрық майды үзбейтін
Молшылық кезде күнде ет асылады. Міндетті түрде құйрық қосып асқан еттің дәмі өзгеше жағымды. Құйрық майды әкем мен анамнан басқамыз мұрын шүйіріп жемейміз. Бізге қалай жегізудің амалын анам әдемі тапты.
Құйрық майды жалпағынан жұқалап жонып турап, әрқайсына жекелей ұнтақталған қара мен қызыл бұрышты, сарымсақты әдемілеп жағады. Әрқайсын жеке топтап, қатарлата қалап, тоңазытқышқа салып қояды. Таңертеңгі шәйда үлкендеу жайпақ ыдысқа дәруменделген құйрықты қатарластыра тізіп, дастарқанға қояды.
Дәмін айтып жеткізе алмаймын! Әркім қалағанын кертіп жейді. Құйрық майға тойып сыртқа шыққанда, үскірік аязға былқ етпейсің. Түскі асқа дейін қарын аштырмай, тоқ жүретінің өз алдына. Өкінішке орай, осы дәстүрді бүгінде өзім де қолданбаймын. Бір ғажабы, құйрық май ешқашан бұзылмайды.
Бесіктегі сәбиге анасы қолы тимей жатса дәкеге құйрық орап, аузына салып қойғанын көріп өстік. Анасының ақ мәмесінің орнынан сылқылдата құйрық сорған сәбидің ауырғанын, жүрегі айнығанын көрмейсің. Сондықтан болар, құйрық жеп өскен баланың сан қилы ауруға қарсы иммунитеті мықты болатынын атам қазақ еш ғылымсыз-ақ білген.
Заманына қарай баласы бола ма қайдам, бүгінгі сәбилерге қанша әлпештесең де аузына салған құйрықты тілімен шығарып тастайды. Қанша алдаусыратсаң да, таңдайына баспайды. Сондықтан болар, туа бітті, ауруға қарсы тұра алмайды. Әсіресе, жаңа туған сәбилер арасында дисбактериоз жиі кездеседі.
Дәрігерге жүгінеміз. Шақалаққа шырқыратып ине шаншиды. Егер, әжелеріміздің тәсілімен дәкеге құйрық орап таңдайына сала қойса, оң-терісті айырмайтын нәресте аа тамсана сорып, нәзік терісіне шаншылған инеден құтылып, ауруынан тез айығып кетері һақ.
Бүгінде суықтаған баланы құйрық майға шылап, орап тастаса, құлантаза айығып кететінін білсе, құба-құп болар еді. Өйткені, құйрық май нәрестенің балғын терісін жұмсартып, ширатып, қан айналымын реттейді.
Құйрық маймен шылқыта сылап нәрестенің аяқ-қолын керіп созғанның пайдасы ұшан-теңіз. Баланың буындары жазылып, денесі сымбатты боп өсуіне тікелей ықпал етеді. Содан солар: "Баланы – сылау, қарды – қылау өсіреді" дегенді текке айтпаса керек.
Өзімнің де немерелерім болғандықтан, үйден құйрық майды үзбеймін. Әсіресе шақалақ кезінде маймен күнде шылап, жауырыны жабысып қалмас үшін аяқ-қолын кергілеумен боламын. Есесіне, бойы керілген баланың жауырыны жабыспай, тыныш ұйықтайды.
Бала күнімізде ауылдағы жеңгелеріміздің күстенген өкшесін емдеу тәсілін көріп өстік. Ұйықтар алдын аяғын қара сабынмен әдемілеп жуып, жақсылап кептіреді. Құрғақ өкшеге құйрық майды шылқыта жағып, мақта шұлық киіп жатады. Жарылған теріні тез қалпына келтіретін құйрық майдан өкшесі оңалып, "Туһ, жаным кіріп қалды?!" десетін.
Сабынды осыдан 6000 жыл бұрын адамзат ойлап тапқан деседі. "Қара қойдың терісін, сабындап жусаң ағармас..." деген Бұқар жыраудың өлең шумағына қарағанда, сонау замандарда қазақ сабынды қолданғаны айдан- анық боп тұр. Гигиеналық тұрғыдан қара сабынмен жуынғанның пайдасы орасан екенін тағы сол ғалымдар анықтап берді.
Бала күнімізде сексеуілге бай Созақ өлкесінде өстік. Ауылда бір әжеміз қолдан қайнатқан сабынға ештеңе жетпейді деп, сексеуіл гүлдегенде шырпысын сыпырып алып қойдың құйрық майын қосып, қара қазанда ұзақ қайнататыны есімде қалыпты.
Неге кір сабын деп ойлансаңыз, қара майдың құрамында алаботамен қоса құйрық майы қосылатынын айта кеткім келеді. Тағы қандай дәрумен қосатыны есімде жоқ, алаботаның гүлі, сексеуілдің гүлі, құйрық май қосылатыны нақтылы есімде.
Химиялық ұнтақ ағарта алмайтын кірді, әжейдің қолдан жасаған сабыны шайдай ашып жуатын. Ақ шағаладай әппақ боп ашылатын жаймалар әлі көз алдымда. Кімнің кірі ашылған деген жарыс келіндер арасында қызу жүретін.
Ауыл келіндері сапалы сабынға қол жеткізу үшін әжейдің үйін жинастырып, суын тасып беріп жататын. Ақысына, й қара сабынды алады. Біздің үй әжейдің сабынына кенде болмады. Себебі, қосатын құйрықты кіл апамнан алатын.
Алдымыз жаз. Жеңіл аяқ киіммен жүреміз. Жаздық жеңіл аяқ киім көбіне аяғымызды қажап, жаралап тастап жатады. Кешкісін қара сабынмен жылы суға жуып, кепкен аяққа құйрық майды жағып, целлофан қапшық киіп, сыртынан мақта шұлық киіп ұйықтаңыз.
Таңертеңгісін өкшеңіздің жұп-жұмсақ боп қалғанын көресіз. Әйел қауымы ыстық ауадан жарылған өкшесін осы тәсілмен жұмсартып, емдеп алуына болады.
Тап осы тәсілді аяғы сырқырап қақсайтындар қолданса да өте пайдалы. Лимфоталшықтардың бірден-бір дәрумені құйрық майы екенін ғалымдар да мойындаған. Бала күнімізде ойнап жүріп аяқ-қолымызды жиі жарақаттап аламыз. Әсіресе, тіземіз жиі жарақаттанатын.
Сол кезде анам құйрық майға пенициллин ұнтағын араластырып жіберіп жарама жағып, таңып тастайтын. Айналдырған екі-үш күнде сен көр, мен көр жоқ боп, төгіліп қалатын. Дәріханадағы қаптаған химиялық майлардан гөрі осы қарапайым тәсілдің емдік қасиеті тез даритынын көбіміз ұмытқанымыз өкінішті.
Құрамында холестерині болмаса да, құйрық жеуден қашамыз. Құйрық жеп тұрған өте пайдалы. Ғалымдардың айтуынша адамға тәулігіне 50-70 г май қажет екен. Үнемі майсыз тағаммен қоректенуден жүйке жүйесі қызметі бұзылып, иммунитетіңіз төмендеп кетуі ықтимал екенін ұмытпаңыз.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🟢 Роза Рымбаева и другие: алматинцев приглашают отметить 100-летие Сагадата Нурмагамбетова
- 7122
- 8
- 33
-
2👀 Кто вы в отношениях – жертва или абьюзер? Особенности поведения, на которые стоит обратить внимание
- 3050
- 0
- 20
-
3🚗‼️ Пьяный водитель влетел в яму в Актау, машина перевернулась
- 3068
- 1
- 16
-
4🇰🇿🇷🇺 Слёт волонтёрских организаций Казахстана и России провели в Алматы
- 2977
- 13
- 87
-
5⛅️ Прогноз погоды на 24 ноября: облачная погода без осадков сохранится на большей части Казахстана
- 3069
- 0
- 3
-
6✈️ Авиакомпанию Air Astana оштрафовали на 1,8 млн тенге за задержку рейса
- 2941
- 6
- 28
-
7⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 23 ноября
- 2657
- 0
- 1
-
8🥈Казахстанский фигурист Михаил Шайдоров завоевал "серебро" на гран-при в Китае
- 2566
- 0
- 30
-
9™️TikTok хочет использовать Илона Маска как посредника в переговорах с администрацией Дональда Трампа
- 2516
- 0
- 10
-
10‼️Один убит, трое ранены: что произошло возле посольства Израиля в Иордании
- 2494
- 0
- 7