Құрманғазы оркестрінің залында "Махаббат – мәңгі ертегі" концерті өтті
"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Ромео мен Джульетта" шығармаларынан үзінділер орындалды.Құрманғазы оркестрінің концерт залында Ұлттық оркестрдің "Махаббат – мәңгі ертегі" атты мерекелік концерті өтті.
Кеш қонақтары қазақ эстрадасының жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Азамат Бақбергенов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Тахауи Рахметов, Жадыра Аманова, Анастасия Скепко, Динара Нұрбаева оркестр сүйемелдеуімен махаббат туралы шығармаларды орындап, көрермен қошеметіне бөленді.
Мәдениет саласының үздіктері Бейбарыс Хамзин, Әсел Жылқышынова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Сатжан Шамелов, Әсел Рақымжан да өз өнерлерін ортаға салды.
Оқи отырыңыз: Әнші Қазыбек Құрайыш: "Мінезің көркем" әні анама арналған
Концерттік бағдарламада "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Ромео мен Джульетта" шығармаларынан үзінділер және оркестр репертуарындағы ең таңдаулы шығармалар орындалды.
Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.