Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді.

Собчактың сот отырысы кезіндегі суреттерін Жоғарғы соттың баспасөз қызметі ұсынды.

Ол журналистердің сот отырысына журналист ретінде келген-келмегені туралы сұрақтарына да жауап бермеді.


Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың адвокаттарына қосымша сот-медициналық сараптамасын дәлелдемелерден алып тастаудан бас тартылды


Еске сала кетсек, елордалық сот жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер мүшелерінің суреттерін таратуға қатысты тергеуді аяқтады.

Сот отырысына журналистерді сот залына кіргізуді Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары ғана қолдаған жоқ, басқа сотқа қатысушылардың барлығы қолдады. Судья Айжан Құлбаева БАҚ өкілдерінің сот залында болуына рұқсат берді.