Елордалық сот жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер мүшелерінің суреттерін таратуға қатысты тергеуді аяқтады.
Бұған дейін телеарналардың бірінде алқабилер анық көрінетін кадрлар эфирге шыққаны хабарланған болатын. Сот тергеуді бастап, мұндай фактілердің алдын алу үшін қорытынды шыққанша БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды.
"Тексеру барысында алқабилердің суреттері мен бейнежазбаларын БАҚ пен әлеуметтік желілерде КТК арнасының өкілдері таратқаны анықталды, олар бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Осыған орай, БАҚ өкілдерін сот залына кіргізу мүмкіндігі туралы пікіріңізді білдіруіңізді сұраймын", – деді судья Айжан Құлбаева.
Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайды. Оның жалпы соттан айырмашылығы қандай
Сот отырысына журналистерді сот залына кіргізуді Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары ғана қолдаған жоқ, басқа сотқа қатысушылардың барлығы қолдады.
"Қарсымыз, құрметті сот, бізде видеохабар бар. Бұл жерде журналистер не үшін керек?" – деді заңгер Ерлан Ғазымжанов.
Судья Айжан Құлбаева БАҚ өкілдерінің сот залында болуына рұқсат берді. Сот мүдделі журналистердің сот залына кіруі үшін 10 минуттық үзіліс жариялады.