Қостанай облысындағы табиғи өрт ауыздықталды
Қазір қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.7 қыркүйек күні сағат 15.00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт ауыздықталды, деп хбарлады жедел штаб басшысы, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Қазір жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумақтарында қарауылдау жұмыстары ұйымдастырылған.
"Жанудың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар азайтылды. Көмек көрсету үшін Ақмола облысының күштері мен құралдары, Восток РМК жеке құрамының инженерлік техникасы жерді жырту жұмыстарымен айналысатын болады. Сонымен қатар ТЖМ полкінің жеке құрамы командирлермен бірге және Қостанай облысының бөлімшелері жұмыс орнына оралу туралы шешім қабылданғанға дейін оқиға орнында қалады. Қалған бөлімшелер кешке дейін жұмыстарын жүргізіп, тұрақты жұмыс орнына оралады", – деді Юрий Ильин.
Оқи отырыңыз:
- Қостанайдағы өрттен үйсіз қалған балалар "Балдәурен" лагеріне оқуға келіп жатыр
- Қостанайда өрт кезінде баспанасыз қалғандарға жаңа тұрғын үйлер салынады
Айта кетейік, өртті сөндіруге барлығы 207 бірлік техника, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 1785 адам жұмылдырылды.
Барлығы 2091 адам эвакуацияланды. Эвакопункттерде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетті.