Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен заржап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қаражат бөлінді, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов эвакуацияланған тұрғындар орналасқан мектепте болып, олардың жағдайымен танысты. 

Бөлінген қаражат бірінші кезекте тұрғындардың тамағы мен жатын орнын жақсартуға бағытталады. Мұндай барлығы 1800 адам эвакуацияланған. Мектепте 200 адам орналасқан. Көп адам қауіпсіз екеніне көз жеткізгеннен кейін өз үйлеріне қайтса, қалғандары туысқандарының үйін паналаған. 


Оқи отырыңыз: