Күзде келімізде  "Тазалық ойындары" өтеді. Оған еліміздің 10 қаласынан 30-дан астам қатысушы тіркелген. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Бүгін эко шараны ұйымдастырушылар оларға арнайы дәріс өткізді. Тренинг кезінде экологиялық ойынның ережелері мен қоқысты сұрыптау талаптары түсіндірілді. "Тазалық ойынының" барысы мен қорытындысын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы бақылауға болады. Іс-шараға қатысушылар осы қосымшаны қолдануды үйренді.

2014 жылы бастау алған халықаралық "Тазалық ойындары" – командалық жарыс. Бұған дейін эко шара Ақтауда, Алматыда және Астанада төрт рет ұйымдастырылған. Сол кезде 20 тоннадан астам қоқыс жиналған. Биыл рекордтық көрсеткіш орнауы мүмкін. Өйткені "Тазалық ойындары" еліміздің 10 қаласында бір мезгілде өтеді.

"Көп адам сенбілік болса да, тазалық болсыа да қалдықты сұрыптамайды. Жұмыс орындарында ондай процесс жоқ. Ал бұл жерде келіп осыған үйренеді. Қалдықтан бірнәрсе жасауға болады ғой. Бұның бағасы бар екен ғой, бұл осыншама балл тұрады екен ғой. Бұлай жинасам, үйде де осыны жасай аламын деген кедергіден өту керек", – дейді экобелсенді Пәкізат Сайлаубекова.