Қазақстанның екі облысында жолдың бірнеше бөлігі жабылды
Қазір еліміздің 2 өңірінде 6 күре жол жабық.Батыс Қазақстанда тас жолдың бес бөлігінде, Атырау облысында бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылды. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” АҚ-ның баспасөз қызметі жазды.
Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 300-ге жуық арнайы техника мен 500 маман жұмылдырылды. Автожолдарды өңдеу үшін 2 мың текше метрқұм-тұз қоспасы жұмсалды.
Атырау облысында "Атырау-Орал" күре жолының Индер ауылынан БҚО шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Оқи отырыңыз: "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
Батыс Қазақстан облысында 5 күре жол жабық. Олардың қатарында:
- "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы", Чапаево-Казталовка ауылдарының арасы;
- "Атырау-Орал", Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін;
- "Самара-Шымкент", ГАИ бекеті-КПП Сырым БӨП;
- "Орал-Тасқала-РФ шекарасы", Орал қаласының шекарасынан РФ шекарасына дейін;
- "Самара-Шымкент", Подстепное-Жымпиты аралығы.