Жол жиегіне оның аса қауіпті жағдайда тұрғанын көрсететін жол белгілері қойылмаған.
Қызылорда облысындағы бірнеше ауылдың тұрғыны қалаға үш айдан бері адам өміріне аса қауіпті жолмен қатынап келеді. Өйткені көктем басында тасқын су шайған облыстық маңызы бар трасса әлі күнге дейін жөнделмеген, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
Бірнеше ай бұрын тасқын су облыстық маңызы бар көпірді шайып кеткен. Соның салдарынан көпірдің бір жақ шеті толығымен опырылып, құлап қалған. Алайда осы өтпелі жолдың аса қауіпті жағдайда тұрғанын көрсететін екі жағына жол белгілері қойылмаған. Тұрғындардың айтуынша, осы уақыт ішінде бұл торап талай жол апатына себеп болған.
Қауіпті жолмен қазір Қармақшы және Жосалы ауылдарының тұрғындары қатынайды. Өйткені айналма жолдың қашықтығы 200 шақырымнан асады. Ал әкімдіктегілер негізі трассаның үш айдан бері жабық тұрғанын айтты.
"Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттарына төтенше жағдайлар резервінен қаржы бөлініп, тиісті құжаттар әзірленді. Енді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осы айдың қаржысын бөлуді жоспарлап отырмыз", – деді Қызылорда облыстық автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Өмірбек Мұсаев.
Тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланса да, қаражат әлі бөлінбеген. Бірақ бөлім басшысының айтуынша, бір ай ішінде қауіпті трасса қалыпқа келеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
257
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
252
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
256
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
253
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
247
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
247
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
245
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
239
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
224
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
221
-
1
-
5
-