Атырау облысы бойынша жедел штабта соңғы тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі туралы хабарлады.

Индербор өлшеу стансасында су деңгейі 25 см, Махамбет кентінде 15 см, Атырауда су деңгейі тәулігіне 5 см-ге көтеріліп, 451 см-ге жетті.

Жедел штаб су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілетінін айтты.

Қазақстанның сегіз облысында төтенше жағдай режимі жалғасуда.


Оқи отырыңыз: "Біз оларды қайықтарда ұстадық". Солтүстік Қазақстанда тұрғындар су әлі кетпеген үйлеріне қайтуға тырысуда


Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов Атырау облысына су көп келетінін, жақын күндері шарықтау шегі күтілетінін айтқан болатын.