Солтүстік Қазақстанның кейбір тұрғындары су басқан үйлеріне қайтып оралмақ болды. Құтқарушылар оларды тоқтатқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев айтты.
Оның айтуынша, үйге оралу әлі де қауіпті. Ол зардап шеккен тұрғындармен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Қазгидромет" РМК-ның болжамы бойынша, жаңа қауіп күтілмейді. Мамандар 1 мамырдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейі тұрақты түрде төмендейді деп болжап отыр. Қазір су 312 үйден алшақтады. 3586 үй мен 760 ауланы су басқан.
Оқи отырыңыз: Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқындарына шолу
Облыс бойынша 13 624 адам эвакуацияланды. 906 тұрғын уақытша орналастыру орталықтарында, қалғандары туыстарында.