Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікке мониторинг жасау барысында инвестициялық қызметтен жоғары кіріс алуға уәде бере отырып, өз қызметін белсенді жарнамалайтын Finiko компаниясын анықтады. Ұйым қызметін Instagram желісінде жарнамаланады. 

Finiko пайдаланушыларға Сyfron Sapital OÜ платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады. Бұл жылжымайтын мүлікті, авт.омобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы

СYFRON (CFR) – есептеулер жүргізілетін криптовалюта ресми валюта емес, қаржылық құндылығы жоқ. Пайдаланушылар ақшаны нақты инвестициялық компанияға емес, оның жалған үлгісіне салады.


Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидалары әлеуметтік желіге көшті. Оларды қалай анықтауға болады?


Өз кезегінде Finiko компаниясы осы ойын платформасын пайдалану кезінде күніне 1-1,2% мөлшерлеме бойынша кіріс төлеуді уәде етеді. Бұл халықтың теңге депозиттері бойынша орташа нарықтық мөлшерлемеден 43 есе көп жылдық есептеудегі кірістіліктің жоғары деңгейіне сәйкес келеді.

"Finiko сонымен қатар тұтынушылық және ипотекалық несиелерді өтеуді ұсынады. Компания борыш сомасының 35%-ын салса, ол қатысушының кредиті бойынша бүкіл соманы төлеуге міндеттеледі. Осындай талаптар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ұсынылады: жарна мүлік құнының кемінде 35%-ын құрайды және 3-4 ай өткеннен кейін компания оны сатып алуға және қатысушының меншігіне беруге уәде береді", – делінген хабарламада.

Компания кез келген сатып алу үшін 25%-ға дейін ақшаны қайтаруды және тегін қызмет көрсету кезінде ай сайынғы қаражат қалдығына 6% сыйақы ұсынатын жалған кэшбэк-карталар есебінен жоғары кірістілікті алуға уәде етеді. Осы карта аясында 1-5 адам тарту үшін 1%-дан 10%-ға дейін жоғары кэшбэк пайызын ұсынатын анықтамалық бағдарлама бар. Finiko өтініші бойынша кэшбэк-карта MasterCard-пен ынтымақтастықта жасалғанын атап өтеміз. Алайда Finiko MasterCard серіктестерінің тізімінде жоқ.

Finiko компаниясы банктерде арнайы есеп айырысу шоттарын пайдаланбайды. Алаяқтық операцияларды жүргізу үшін ол ақшаны тек қолма-қол нысанда қабылдайды не Qiwi-кошелек, Яндех-ақша, Easy Pay, PayPal сияқты интернет-төлемдер мен аударымдардың түрлі жүйелерін пайдаланады. Қатысушылар салынған қаражаттың қайда бағытталғанын бақылай алмайды.


Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасының белгілері қандай және оған қалай алданбауға болады?


Қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша Ресей Федерациясының аумағында Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Компанияның жалпы шығыны – 80 миллион рубль. 2019 жылдың тамызы мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында компания Татарстан мен Ресей Федерациясының басқа субъектілерінің аумағында жеке тұлғалардың қаражатын қор нарықтары мен криптовалютаға инвестициялауға тартқаны анықталды. Ресей Орталық Банкінің сайтында Finiko "қаржылық пирамида" белгілері бар компаниялар тізімінде тұр. Берілген тізімде Орталық Банк қаржылық пирамидалардың немесе өзге алаяқтық әрекеттердің айқын белгілерін анықтаған компаниялар көрсетілген. Қазіргі уақытта тізім 1 913 ұйымнан тұрады.

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Finiko" қызметін анық қаржылық пирамида мен қаржылық алаяқтықтың белгілеріне ие деп бағалайды. Берілген компания қаржылық ұйымдарға жатпайды. Уәкілетті орган берген лицензиясы болмағандықтан халықтан ақша тарту, тартылған қаражатты сенімді басқару және инвестициялау бойынша қызмет атқаруға құқылы емес", – делінген хабарламада.

Агенттік депозиттер түрінде немесе қаржылық құралдарға инвестицияларды жүзеге асыру үшін ақшаны тарту тек қана екінші деңгейдегі банктер, ұлттық пошта операторы және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (брокер-дилерлер және басқарушы компаниялар) жүзеге асыра алатын лицензияланатын қызмет түрлеріне жататынын еске салады. Агенттіктің лицензиясын алған ұйымдар туралы ақпарат Агенттіктің интернет-ресурсында жарияланған.

Осыған байланысты, Агенттік Қазақстан азаматтарына Finiko компаниясына инвестиция жасау және онымен шарттық қатынастарды орнату, берілген компанияның шотына қаражат аудару немесе қолма-қол ақша беру қауіпті болып табылатыны туралы хабаралайды.