ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколовпен кездесу барысында Қазақстанда TikTok өкілдігін ашуды ұсынып, компанияның елдегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

TikTok компаниясының делегациясы Қазақстанда білім беру, мәдениет, туризм саласындағы жобалар және ел аумағында платформаны дамытудың басқа да мәселелерін талқылау үшін келген болатын.

TikTok өкілдерінің ақпараты бойынша, бүгінде Қазақстанда тіркелген бұл платформаны 7 миллионнан астам пайдаланушы платформаны ай сайын пайдаланады. Компания әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда білім беру және мәдениетті дамытуға жәрдемдесу саласында ауқымды жобаларды іске асырады.


Оқи отырыңыз: 


2018 жылы іске қосылған TikTok – ай сайынғы әлемдік аудиториясы миллиард пайдаланушыдан асатын жетекші ғаламдық интернет-платформалардың бірі.