Қазақстанда мектептегі оқу жылы екі аптаға ұзарады
Бұл бір тәуліктегі сабақ санын қысқартуға мүмкіндік береді.Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында қазақстандық оқушылар үшін оқу жылын екі аптаға ұзарту көзделіп отыр.
Құжатқа сәйкес, бірінші сыныпта оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасын құрайтын болса, 2-11 (12) сыныптар үшін 36 оқу аптасына созылады.
"Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, "күрделі" тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді" делінген бұйрықтың түсіндірме жазбасында.
Сондай-ақ, жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту өткен оқу жылында білімнің бір бөлігін жоғалту тәуекелін, құқық бұзушылықтарды қысқарту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеу мен сырқаттанушылығын төмендететіні айтылған.
Оқи отырыңыз: Мектеп оқушылары оқу формасы мен оқу ұзақтығы туралы не білуі тиіс?