Қазақстанда курьерлердің қауіпсіз қозғалысын кім қадағалайды?
Алматы қаласының полиция өкілдері Glovo жаңа тренинг орталығында курьерлерге қауіпсіздік тақырыбында тренинг өткізді.
Компания тұрақты түрде онбординг өткізіп тұрғанымен, бұл жолғы форматы ерекше болды. Шара аясында жаңадан платформаға қосылып жатқан курьерлерге Алматы қаласының полиция өкілдері қауіпсіздік тақырыбында дәріс оқып, сақтық шараларының маңызын түсіндірді.
"Статистикалық деректерге сәйкес, биылғы 8 айында елде 8 307 жол апаты тіркелді, олардың басым бөлігі, яғни 2 161 оқиға Алматы қаласына тиесілі. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше мән беру керек. Бұл ретте біз Glovo компаниясымен бірлесе жұмыс жүргіземіз. Жауапкершілік бәрімізге ортақ", – деді Алматы қаласының полиция полковнигі, ЖПҚ басқармасының өкілі Серік Байқожаев.
Шара аясында Glovo-ның Қазақстандағы бас менеджері Карим Богуспаев сервис биыл Қазақстандағы жұмысының үш жылдығын атап өткеніне тоқталды.
"Жеткізу нарығындағы жетекші халықаралық ойыншылардың бірінің келуі нарықты өзгертті. Екі жыл ішінде Қазақстанға шамамен 3 миллион еуро инвестиция салынды. Glovo өзінің келуімен гиг-экономика ұғымын нығайтты, ал біз бүгінде платформалар экономикасы туралы айтып жатырмыз. Осы жылы сервис "Курьерлер алдындағы міндеттемелерін" жария етті, бұл өз кезегінде платформаға қосылған курьерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған, атап айтқанда: бәсекелі төлемақы, "Курьерлерге арналған трамплин" атты оқу курсы ұсынылады және мұның аясында курьер-серіктестер өз ісін жүргізуге қатысты білімін кеңейтеді, сонымен қатар қауіпсіздік бойынша ай сайынғы тренигтер өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз бастаманың 2022 жылдың ІІІ тоқсанында ресми ашылуын күтпестен, қазірдің өзінде "Міндеттемелерді" іске асыруды бастап кеттік", – деді ол.
Оқи отырыңыз: Ел өңірлерінде іскерлік белсенділік артып келеді
Қазіргі сәтте Glovo сервисінде платформаға қосылған 5 мыңнан аса курьер бар, олардың 40%-ы Қазақстанның түрлі өңірінде жұмыс істейді. Glovo платформасы олар үшін негізгі немесе қосымша табыс көзі.
Бүгінде курьердің табысы жүктеме кестесіне байланысты айына 246-334 мың теңге аралығын құрайды. Курьер қосылған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандырумен қамтылады. Қауіпсіздікті сақтау компанияның басым бағыты болып табылады. Курьерлерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызы туралы үнемі айтылады. Сонымен қатар курьерлердің велосипедті жөндеу және басқа да көлік құралдарына техникалық күтім жасау стансаларына бару мүмкіндіктері бар. Төтенше жағдай болған кезде курьер қолдау қызметіне кеңес алу үшін хабарласа алады.